Пайда ойлама, ар ойла» айтыс өнері.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 8-сынып оқушылары арасында «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында айтыс өнері өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттыру, шешендік өнер мен суырыпсалмалық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар Абайдың адамгершілік, ар-ождан туралы өсиеттерін насихаттау болды. Айтыс барысында оқушылар адалдық пен ар, пайда мен парасат, адамдық пен руханият тақырыптарын терең толғап, өз ойларын өлең өрнегімен өрбіте білді. Сөз бен ойдың, тапқырлық пен шешендіктің сайысына айналған бұл кеште жас айтыскерлер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, үздік шыққан оқушылар «Өнерлі сөз зергері», «Абай мұрасын насихаттаушы», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталды. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұ,алімдері: Ардақ Амантайқызы, Гүлнұр Оқанқызы. ВИДЕО КӨРУ
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
