Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Жарқын болашақ – тәрбие мен білімнен басталады» атты ашық есік күні.

Бүгін мектебімізде 5-сыныптар ата-аналарына арналған «Жарқын болашақ – тәрбие мен білімнен басталады» атты ашық есік күні өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, баланың тұлғалық дамуы мен тәрбиесіне бірлесе атсалысу. Іс-шара барысында ата-аналарға арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Тренингте ата-аналарға балалармен тиімді қарым-қатынас орнату, оларды түсіну, сенім арту және дұрыс тәрбиелеудің жолдары жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, оқу процесі мен балаларының үлгеріміне қатысты сұрақтарына жауап алды. Мұндай ашық форматтағы кездесулер ата-аналарға мектеп өмірімен жақынырақ танысуға және бала тәрбиесіндегі өз рөлінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь