Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«AI әлеміндегі ғылым үндестігі» МИФ апталығы.

Бүгін, 10 қарашада Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде математика, физика және информатика пәндерінен дәстүрлі онкүндік өз бастауын алды.
Онкүндіктің басты ұраны – «AI әлеміндегі ғылым үндестігі», яғни жасанды интеллект дәуіріндегі ғылымның сабақтастығын дәріптеу.
💡 Мақсаты – жас ұрпақты ғылым мен инновацияға баулу, жасанды интеллект технологиялары мен жаратылыстану пәндерінің өзара байланысын таныту
Ашылу барысында оқушылар мен мұғалімдерге арналған түрлі интеллектуалдық және танымдық ойындар лэд-экранында ойнатылды:
– «Стереометриялық фобия» ойыны арқылы кеңістіктік ойлау қабілеттерін сынады;
– «Сәйкестендіру» және «Сандардың ретін табу» ойындары арқылы логикалық ойлауды дамытты;
– Үш пәннен – математика, физика және информатикадан сұрақ-жауап викториналары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар STEM кабинетінде оқушылардың қолымен жасалған көрнекіліктер, 3D модельдер және роботтар көрмесі көпшіліктің қызығушылығын оятты. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь