“Абайлаңыз, балалар!” акциясы
2025 жылы 1 қыркүйек -Білім күні қарсаңында Астана қаласының ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Астана қаласы Сарыарқа ауданының Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары мектебіміздің 1 сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. “Абайлаңыз, балалар!” акциясының аясында бүлдіршіндерімізге жол қозғалысы ережелерін түсіндіретін буклеттер мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
