Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

“Әсемдік әліппесі” түсіндірме сабақ.

Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, жеке бас гигиенасы мен өзін күту мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Әсемдік әліппесі” тақырыбында түсіндірме сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында өзін күту негіздері, шаш күтімінің маңыздылығы, шашты дұрыс күту жолдары және әртүрлі шаш үлгілерінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Теориялық бөлімнен кейін практикалық бөлім ұйымдастырылып, оқушыларға шаш күтімі мен шаш үлгілерін жасау тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Қатысушылар сабаққа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Аталған іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, ұқыптылыққа баулуға және өзін күту дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь