Сынып сағаты "Мемлекеттік тіл- менің тілім"
22.09.2015Тілдер мерекесі онкүндігі қарсаңында №29 орта мектебінде 9б сынып «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға өз ұлтының қадір қасиетін мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін өз үлестерін қосуға дәріптеу.
Іс шара барысында Ата заңымыздағы тіл мәселесіне және қазақ тілінің әдеби бай мұраларына тоқталды. Тіл тақырыбындағы ақын- жазушылар шығармалары оқылды, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән-ұранымен іс шара аяқталды.Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т. 21.09.2015жыл

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
