«Бас аспаз жолында...» сайысы

28.10.2015

26.10.2015 жылы колледжімізде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының онкүндігі аясында  білім алушылардың арасынан құралған 4 команда арасында кулинарлық сайыс өтті. Кулинарлық сайыс аспаздар күніне байланысты ұйымдастырылған болатын. Сайыс 7 айдардан турды, оның ішінде алғашқы айдарлардың бірі үй жұмысы. Қатысушылар бұл айдарға өте креативті түрде ат салысып, алдарына қойылған тапсырмаларды екі етпей орындады. Барлық дайындалған  жұмыстар әкімшілік өкілдерінен құралған әділқазылар алқасына ұсынылып, лайықты бағаланды. Әрбір қатысушы және көрермендер командалардың жұмысын сырттай бағасын беріп, жұмыстарына тәнті болды. Бірінші орын жүлдегері «Жас маман» тобы, екінші орынды «Қыран» тобы иеленсе, үшінші орын «Болашақ аспаз» және "Болашақ" топтары өзара бөлісті. Сайыс барысында қатысушылар мен көрермендердің барлығы жағымды әсер алды. Барлық қатысушыларды қарымталы жемістерімен құттықтай отырып, алдағы аспаздық жолда кулинарлық жетістіктерді тілейміз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено