«Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» атты педагогикалық кеңес
18.11.2015Қарашаның 11-і күні өткізілген кезекті педагогикалық кеңесте Алиханова Ж.И., Накупов Ә.А. және Жумашева Б.Ж. бірігіп «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» тақырыбында мұғалімдермен жұмыс жүргізді. Бұл жұмыста сабақ кезінде оқушылар белсенділігін қалай арттыруға болатындығын «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы көрсетіп берді.
Берілген тапсырма бойынша алты топқа бөлінген мұғалімдер «Тыйым сөздер – еріккеннің ермегі емес» тақырыбын өз дәрежесінде қорғап шықты. Тіпті кейбір топ көріністерін де көрсетіп берді.
«Көк қалпақтылар» бақылаушы топ болғандықтан барлық топтың іс-әрекетін және жауаптарын бағалап, бармақпен баға берді, өз ұсыныстары мен тілектерін айтып өтті.
«Кері байланыста» әрбір мұғалім өз тілегі мен ұсыныс-пікірлерін жазбаша білдіріп өтті. Ондағы жазылғандарға қарап, бүгінгі өткізілген жұмыстың барлық мұғалімдерге ұнағандығын және көңілдерінен шыққандығын байқадық.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
