Астана қаласының 2015 жыл бойынша спорттық туризмнан кубок жүлдегерлері белгілі болды

30.12.2015

Жаңа жыл қарсаңындағы 2015 жылдың 25-27 желтоқсан аралығында Астана қаласында  туристік көпсайыс(жасанды рельфтегі тау туризмінен)  бойынша жарыс өтті. Бұл жарыс Астана қаласының спорттық туризмнен 2015 жыл қорытындысы бойынша финал кубогі болатын.  Атаулы іс-шара «Астана- есірткісіз қала» аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аясында өткізілді.  Жарыс  жас аралық топ бойынша өткізілді. Яғни, ересектер, жастар және жасөспірімдер. Біздің колледжден бұл жарысқа ересектер тобынан екі команда қатысты. Олар: 3 курс студенттері 3ТРМ-113 тобынан Абляметова Анастасия, Белова Анастасия, Болкунец Анастасия және Курумбаев Арсен қатысқан «Динамо» командасы; 2курс студенттері 2ТРА-114 тобынан Мухитов Артур, Дюсембаева Аяужан, Жакупова Меруерт, Мурзабеков Данияр қатысқан «Созвездие» командасы.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің колледждің екі командасы Астана қаласының спорттық туризм чемпионатының жүлдегерлері атанды. «Динамо» командасы жүлделі екінші орынды иеленсе, «Созвездие» тобы үшінші орынға ие болды. Жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз!
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено