ЭКСПО-2017
17.02.2016Пресс-релиз
«ЭКСПО-2017 Астана: болашақтың энергиясы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру комитеті Сізді 2016 жылғы 17 ақпан күні «№ 23 орта мектеп» КММ-де өтетін конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияда Халықаралық көрме тарихы, Қазақстанның ЭКСПО көрмелеріне қатысу тәжірибесі туралы түсіндіріледі, сонымен бірге біздің қаламызда 2017 жылы өткізілетін халыкаралық көрмеге дайындық шеңберіндегі іс-шаралар туралы айтылады. Конференцияға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, көпшілікке танымал БАҚ журналистері қатысады.
Конференция шеңберінде мынадай секциялар жұмыс істейді:
1- секция. ЭКСПО тарихы.
2- секция. Қазақстан және ЭКСПО туралы сандық деректер.
3-секция. Болашақтың энергиясы.
4- секция. ЭКСПО -2017 логотипі.
5- секция. Көрменің Қазақстан үшін маңызы.
Көрме тақырыбын көпшілікке түсіндіріп тарату үшін, конференция жұмысының соңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено