2016 жылдың 11-22 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқаны аясында өткен іс-шаралар

20.04.2016

Астана қаласының Білім басқармасы 2016 жылдың 11-22 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан өткізу ұсынысына сәйкес білім мекемесінде 11-21 сәуір аралығында іс-шаралар жоспарланды. Жоспарға сәйкес 11,18 сәуір күндері «Қауіпсіз интернет» тақырыбында саптық тізілістер ұйымдастырылды. Саптық тізіліс барысында науқанның мақсаты түсіндіріліп, қосымша ақпараттар берілді.  Саптық тізілістер барысында интернет туралы шағын қойылымдар да қойылды.  12-20 сәуір күндері аралығында 2-4сыныптарда «интернетке тәуелділік» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 19-сәуір күні сыныптарда ата-аналармен «Баланы интернет тәуелділігінен қалай сақтаймыз» атты жиындар өтті. 19-20 күндері  «Интернет не үшін керек?» тақырыбында  сурет көрмесі ұйымдастырлды. 19-20  күндері 4-сынып оқушылары арсында «Интернет әлемінде бізге не қауіпті не пайдалы?» тақырыбында эссе жазу күндері өтті.  Аталған науқан бойынша барлық жоспарланған іс-шаралар  орындалды.

          



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено