Наркологпен кездесу
18.05.20162016 жылдың 17 мамыр күні мектебімізде Астана қаласы СӨС орталығының ұйымдастыруымен «Астана қаласын 2016-2020 жылдар аралығында жетілдіру бағдарламасы» аясында «Шылым шегудің зияны» атты тренинг өтті. Бұл маңызды іс-шараға 63 оқушы қатысты. 8-10 сынып оқушылары тренингте сыни тұрғыда ойларын жақсы байқатты. Тақырып бойынша пікір айтылып, өте тамаша тренинг болды.
Нарколог дәрігер Қазбаева Эльмира оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, дұрыс өмір сүру қағидаларын жеткізе айтты.
Осындай игілікті істер өз жалғасын таба береді.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
