«Бала еңбегін қанауға қарсы он екі күндік күрес» аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат
15.06.20161 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен «Біз ұлы дала немерелеріміз» тақырыбындағы іс-шараға мектебімізден 100 оқушы қатысты. Сондай-ақ мектеп алаңында ұйымдастырылған «Қош келдің, жаз!» атты мерекелік іс-шараға оқушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен ат салысты.
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Еліміздің астанасы Астана қаласы № 66 мектеп-лицей жанындағы «Балауса-2016» жазғы демалыс лагері I маусымда өте жақсы жұмыс атқарды.
I маусым 30.05.16 - 10.06.16 күндер аралығында өтті. Бірінші кезеңде жазғы демалыс лагерінде 450 демалушы уақыттарын көңілді, алаңсыз демалыстарын өткізді. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалған жоқ. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша екі мезгіл тамақ берілді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалардың көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әр түрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізген 30 тәрбиеші және 2 тәлімгер, 2 жаттықтырушы, 3 музыка жетекшісі жақсы жұмыстар атқарды. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар және ағылшын тілі, орыс тілі, музыка үйірмелері жоспарға сай өтілді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсады.
1 маусым Балалар күні мерекесіне қатысу
Толығырақ >>
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено