«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес»
15.06.2016Астана қаласы
Білім басқармасы
Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты 01.06.16 – 12.06.16 аралығында өткізілген іс – шара туралы мәлімет
Қоғам келешігінің саналы да білімді ұрпағын тәрбиелеу мақсатында мектепалды «Ғажайып бақ» лагерінде Бала еңбегін пайдалануға тиым салуды зерделеу жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
01.06.16. Балалар қорғау күні. Салтанатты жиын өткізіліп, балалардың мерекесімен құттықтады. Жиында бала құқығы мен қоғамдағы орны туралы айтылды.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай 03.06.16. «Рәміздерім- мақтанышым» деген атпен оқушылар арасында Рәміздер туралы білім сайысы ұйымдастырылды.
Балаларға күш пен жұмыстың білім жолындағы орны туралы тереңірек түсінік беру үшін 02.06.16 күні «Бала еңбегі – білімге арналады» деген атпен кітапханада жұмыс жүргізілді.
06.06.16. мектеп психологы «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балаларға арналған ойын сабағын өткізді.
07.06.16. «Бала әлемі» айдарымен асфальтқа сурет салу ұйымдастырылды. Асфальтқа сурет салу арқылы әр бала өз ойын көрсете білді. Бір бала ата- анасымен саяхатты ұнатса, бірі ата – әжесінің жанындағы думанды жазды бейнелеген.
12.06.16. «Бала еңбегін пайдалануға тиым салу Заңы бойынша» құқықтық сауаттылық сабағы мектеп ауласын көгалдандыру жұмысына келіп жүрген балалармен өткізілді. Бұл сабақта балалар еңбекке неше жастан бастап қабылданатыны туралы, еңбеккүн пайызы мен атқаратын жұмыстар түрлері туралы мәлімет алды.
10.06.16. «Бақытты балдәурен» атты қорытынды концерт өтті.
Мектеп директоры: Кишибаев Б.К.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено