"Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру" салтанаты
15.06.2016 Жақында мектебіміздің салтанат залында 9-сынып оқушыларына «Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру» салтанатты жиыны өтті. Биылғы оқу жылында 101 оқушы мемлекеттік сыннан өтіп, білімдерін саралап «негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік» иелері атанды. 9 жылдық білімді тәмәмдаған оқушылардың кейбірі білікті маман болу үшін колледждерге қадам басса, бірқатар оқушылар оқуларын одан әрі жалғастырып бірден жоғары оқу орнына түсемін деп ниеттеніп отыр.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы ашып берді. Шараның құрметті қонағы Көктал ардагерлер кеңесінің төрағасы Смағұлов Шаукен Хамитұлы негізгі мектепті бітірушілерге сәт-сапар тіледі. Оқушылардың өздері де өнер көрсетіп, білім мен тәрбиенің нәрін сепкен ұстаздарына алғыстарын айтты. Ата-аналар атынан Қалиева Айсұлу Қасенқызы барлық балаларға ізгі ниетін білдірді, ұстаздарды да ұмытқан жоқ. 9-сыныптардың сынып жетекшілерінің атынан шыққан Сабанбаева Жанар Мұхамедбайқы өз тілегін өлеңмен өрнектеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Шабкенова
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено