Өнер әлеміне саяхат
15.11.2016Біздің колледждің 2 АТт-115 тобының студенттері Қазақ әдебиетінің оқытушылары Абельдинова Д.К., Нұрқасымова А.Б. ұйымдастыруымен 2016 жылдың қараша айының 11 жұлдызында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, "Тіл табысқандар" комедиясын тамашалады. Жастар үшін тәрбиелік мәні зор бұл спектакль өте қызықты, тартымды және заманауи ағынмен жазылған М.Машадудың шығармасы екен, режиссері - Ә.Оразбеков.
Бір сәтте рөлдерді сомдаған актерлер жастарды ғаламат, тылсым әлемге жетелеп әкеткендей болды. Спектакль аяқталған соң өз пікірлерімен бөліскен студенттер, басқа да жанрдағы қойылымдарға баруды ұсынды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено