5-сынып оқушылары Жас Ұлан қатарына қабылданды
20.12.2016Бүгін мектебімізде «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігіне 5-сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты жиынды «Жас ұлан» ұйымының Ұлан басы Сапиева Айғаным жүргізді. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған оқушыларды оқуда озат, үлгілі болуға шақырды. Оқушылар "Жас Ұлан" ұйымына кіру үшін ант қабылдады. Оқушыларға төсбелгі мен галстукты директор мен директордың оқу-ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері тақты.
Аға тәлімгер: Қажгереева З.Е.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено