«ЭКСПО-2017» мектепішілік көрмесі болып өтті.

20.12.2016

Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясында 2017 жылы өтетін  ЭКСПО көрмесіне байланысты «ЭКСПО-2017» мектепішілік көрмесі болып өтті. Көрмеге 5, 6, 7 сынып оқушылары қатысты. Көрмеге оқушылар өздері қолдан жасаған бұйымдарын ұсынды. Көрмені мектеп директоры Күнімхан Смағұлқызы аралап, оқушылардың ойларының ұшқыр екеніндігін және жетілдіре түсу керектігін айтып, өзінің бағасын берді. Көрмеге қатысып, ерекше көзге түскен сыныптар бас жүлдемен және І, ІІ, ІІІ орынмен марапатталды. 6З сыныбы мен сынып жетекшісі Садық Мұңсыз «Қабылдау үйі» макетін құрастырып, жоғары нәтижеде қорғай алғаны үшін бас жүлдемен, 7Д сыныбы мен сынып жетекшісі Ибраева Жансая І орынмен, 5г сыныбы мен сынып жетекшісі Молдабаева Эльвира, 5д сыныбы мен сынып жетекшісі Сенбиева Нүрила ІІ орынмен, 5е сыныбы мен сынып жетекшісі Бейсенбекоыва Алтынай, 6б сыныбы мен сынып жетекшісі Алдабергенова Гүлдана, 5ж сыныбы мен сынып жетекшісі Мүталхан Гүлжанат ІІІ орынмен маратталды. Көрме өте жоғарғы деңгейде өтті.

 





 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено