Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің талдауы

2017 жылғы 16-27 қазан аралығында №23 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің ішінде ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланды.

16 қазан күні 2-11 сынып арасында қабырға газеттер сайысы болды. Белсене қатысқан сыныптар:  5-11 сыныптар.



18 қазанда 5-7 сыныптар арасында «Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жас маман, Қыдыргалиева Ж.О. ұйымдастырған бұл сайыс өз мақсатына жетті. 7 «Ә», 6 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. 7 «Ә» сынып оқушылары: Дәлшат М. және Мағзұм М. өз туындаларын оқып берді.



18 қазан күні Сауранбаева Г.А. ашық сабақтар тізбесін ашып, 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Денсаулық және қоршаған орта» атты сабақ өткізді. Сабақ жоспары, өткізу әдісі мұғалімнің шеберлігі мен сауаттылығын айқындады.




19 қазанда Тоқтарова А.А. 7 «Б» сынып оқушыларымен «Әлем климатының өзгеруі» атты сабақ өткізді. Тоқтарова А.А. өз сабағында топтық, жұптық жұмыстарының тиімділігін көрсете алды.



19 қазанда жас маман Кыдыргалиева Ж.О. 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Абай. Отыз бірінші қара сөз» атты ашық сабақ өткізді.



20 қазанда 1-4 сынып оқушылары арасында, Сауранбаева Г.А. «Ертегілер әлемінде» атты сахналық көрініс ұйымдастырып, өткізді. 1 «А» сынып оқушылары «Бауырсақ» ертегісін көрсетіп, көрермендерді өз актерлік шеберліктерімен таңғалдырды.



20 қазан күні ашық сабақтардың тізбегін Сәменова Л.Т. 9 «А» сынып оқушыларымен жалғастырды. Ашық сабақ «Ұлттық құрамада ойнағым келеді» атты тақырыбымен өтті. Тәжірибелі мұғалім өз сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жас мамандарға мастер-класс көрсетті.




Осы күні, ІІ ауысымда оқитын 6 «Б» сынып оқушыларымен, жас маман Қартай А.Қ «Тіл-ұлт қазынасы»  атты ашық сабағын жоғары деңгейде  өткізді.



24 қазанда Альмаханова Г.С. 8 «Б» сынып оқушыларымен «Ас мәзірі» аты сабақ өткізді. Мұғалім сабағында қазақ тілінің грамматикасына ерекше көңіл бөлді.




25 қазан күні ашық сабақтар тізбегін Утетлеева Г.Б., 5 «Б» сынып оқушыларымен «Қырғаул мен түлкі» атты сабағымен  аяқтады. Сабақ барысында мұғалім «kahoot», сөзжұмбақ, «тығылған сөздер» әдістерін пайдаланды.




27 қазанда жоспарға сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды кеш» атты музыкалық сайысты Утетлеева Г.Б., музыка мұғалімі Мусабекова Р.М. көмегімен,  ұйымдастырып, өткізді. Бұл сайысқа оқушылар белсене қатысып, қазақ әндерін айтуда өз шеберлірін көрсетті.




Музыкалық сайыс өтіп жатқан кезде, 7 «Ә» сынып оқушылары Ділшат М. «Мен қазақпын»  және Мағзұм М. «Қазақ тілі» атты  өлең жолдарын жазып, көрермендерге ұсынды.
Мектептің 1 қабатында «Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндік хроникасы»      атты стенд әзірленіп, болып жатқан іс-шаралардың фотоесептері ілінді.



 

 

 





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение