Жас әріптестер үшін ашық есік күні

21.11.2017

Қалалық «Менің таңдауым – педагог» онкүндігінің аясында 2017 жылдың 20 қарашасында колледж Астана қаласының жас мамандарына арналған педагогикалық шеберлік күнін өткізді.
Шеберлік сағатының тақырыбы «Кәсіптік оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар». Ашық есік күнінің шегінде бірінші және жоғары санатты оқытушылар ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын және тренингтер өткізді.
Астана қаласының 17 колледжінің 29 оқытушылары, әдіскерлері, директордың орынбасарлары қатысты.
Шеберлік күнінде оқытушылар химия, математика, орыс тілі, және арнайы пәндер бойынша өткізілген сабақ өткізудің заманауи технологиялары мен түрлі әдіс-тәсілдеріне  сәйкес құрылған сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды.
Бағдарлама бойынша 7 ашық сабақ өткізілді: «Математика», Дуйкенова Л.С., Адлетхан Б., «Орыс тілі» - Есенгараева А.К.,  «Химия» - Бейсембина Р.Н., «Автомобиль құрылымдары» - Жумажанов Т.Д., Есмаханов Р.С.
Біз ақпараттық технологиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, олар әр-қайссымыздың өмірімізде маңызды орынға ие. Астана қаласының жас мамандарына арнап Хайса У. «Cisco жүйелік академиясында білім алу - сіздің табысты болуыңыздың кепілі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Әлеуметтік педагог Ахметова Г.Е. және колледж психологы  Сералиева М.П. «Табыс сатысы» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, өткізді.
Қатысушылар барлық өткізілген сабақтардың жоғары кәсіптік деңгейін  атап өтіп, колледжде оқу үдерісінің тәжірибелік бағыттылығына ерекше көңіл бөлінетінін байқағандарын айтты.
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено