«Күз ханшайымы»
21.11.2017
Жақында Астана қаласы №21 орта мектепте бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен адамгершілікке баулуда қыздар арасында «Күз ханшайымы» сайысы болып өтті.
Сайысқа әр сыныптан бір оқушысы қатысуға ат салысты. «Тегімді менің сұрасаң», «Өнерлі бала-елдің көркі», «Ханшайымдар әзірлемесі» және «Сұлулық сыры» атты төрт бөлімнен тұратын сайыс барысында өнерлерімен көрермендерді тәнті етіп, қошеметке бөленген талапкерлердің бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өздері дайындаған дәмді тағамдарымен, сәнді тігілген киімдерімен кеш ажарын ашты.
Қызықты да тағылымы мол болып өткен сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен «Күз ханшайымы» номинациясына 3 «В» сынып оқушысы Гатагажева Х. ие болды. І орынды 4 «Б» сынып оқушысы Сымбат Курманбек жеңіп алса, ІІ орын 2 «Д» сынып оқушысы Виктория Дусинаға, ал жүлделі ІІІ орын Домащук Даринаға берілді.
Сонымен бірге, үздік өнерлерімен атанған сайыскерлерге әр номинациялар тапсырылды.
Сайыс жүлдегерлері мадақтау мен сый-сияпаттарына ие болды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
