Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
29.11.2017
Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет».
Н.Ә.Назарбаев.
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осыған орай №55 мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
- Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Әр мұғалім білуі тиіс:
- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;
-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері
Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген. Темирова Д.М оқушылармен «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, «Сыбайлас жемқорлық» және « жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында бейнефильмдер көрсете отырып, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті. Мектеп Ұланбасы «Сыбайлас-жемқорлық деген не?» тақырыбында ортада белсенді оқушылармен пікірталас жүргізе білді. «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» деген сауал қоя отырып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында мектеп психологы Демеуова Мадина ашық сауалнама алып, қорытындысын шығарды. Сауалнамаға 215 оқушы қатысты.
Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.
Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено