Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Желтоқсан айының 12 жұлдызында тарих пәнінің мұғалімі А.К. Бимыкованың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты елбасы мақаласын талдау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш конференцияның әділ төрелігін айтқан директордың орынбасарлары Мансия Ғаламқызы, Айжан Жолдасқызы және Аяужан Жамантайқызы. Қорытындылай келе, жүлделі І орынды 8 «А» сынып оқушылары Мешелова Таңшолпан және Жақсыкелдіқызы Арайлым, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Намазова Жадыра және ІІІ орындарды өзара қанағат тұтқан 10 «А» сынып оқушысы Отай Еларыс және 11 «А» сынып оқушысы Уразбаева Мадина болды. Конференцияның мақсаты оқушыларды «Рухани жаңғырудың» бағыттарымен таныстыру және оның жүзеге асырылу идеяларымен бөлісу болып табылады.

Конференция соңында Желтоқсан көтерілісі құрбандарының рухына арналған сахналық көрініс қойылды және Тәуелсіздік мерекесіне арналып әннен шашу шашылды.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь