Орта білім мазмұнын жаңарту аясында
18.11.2017 ж Орта білім мазмұнын жаңарту аясында Астана қаласы Халықаралық мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Жангазакова Жанар Мухтаргазиновна мен Салкынбаева Жанаргуль Кадылбековна Астана қаласы №26 мектеп гимназиясының мұғалімдері үшін «Критериалды бағалау» тақырыбында шеберлік сынып жүргізді.
Шеберлік сыныптың мақсаты тыңдаушыларға критериалды бағалауды іске асыруда кәсіби құзіреттілікті дамытуға қолдау көрсету. Семинарда критериалды бағалау бойынша түсінік берілді. Мұғалімдер кәсіби құзіреттіліктерін дамытып, нәтижеге жету жолдары туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар мұғалімге шеберлік сыныптың жоғары деңгейде өткізгені үшін өз алғыстарын білдірді. Кездесулер жиірек ұйымдастырылса деген пікірлер айтылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения