"Рухани жаңғыру: озық ойлы оқушы қалыптастыру кепілі" тақырыбында математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өткізілді.

20.02.2018

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты,компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Қаңтар айының 29 мен ақпан айының 9 күндер аралығында мектебімізде "Рухани жаңғыру: озық ойлы оқушы қалыптастыру кепілі"  тақырыбында математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өткізілді.

Мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Бірлестіктің онкүндік  жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.


Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін,тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. 


Барлық сабақтар жоғары деңгейде өткізілді, оқушылар интербелсеңді тақтаны пайдаланды.

Онкүндік  барысында әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға  мүмкіндік алды.  Ашық сабақтардан бөлек сыныптан тыс шаралар да өткізілді. Атап айтсақ,

5-сыныптар арасында "Математика әлеміне саяхат"

6-сыныптар арасында "Қызықты математика"

8-сыныптар арасында "Геометриялық фигуралар әлемінде"

атты сыныптан тыс шаралар өтті. Әрбір сабақ соңында сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа талдау жасады, өз ойларымен бөлісті, сабаққа өз бағаларын беріп отырды.



5 "Д" сынып, жаңартылған білім мазмұны бойынша математика сабағынан  көрініс



 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено