Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

20.02.2018

2017-2018 оқу жылындағы  сыбайлас  жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет».
Н.Ә.Назарбаев.
        
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.  Болашақ бүгін­нен баста­ла­ды. Олай болса, зама­­нымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – жемқорлық пен сыбай­ластықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың басты назарындағы мін­дет­тер­дің бірі. Осыған орай №51 мектеп-гимназия бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп  бірқатар жұмыс түрлері жүргізілуде.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
Осы орайда2018 жылдың 13ақпанында «Құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алу» тақырыбында IIБ-ң ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция майоры Б.И.Бексұлтан, полиция аға лейтененты С.А.Аят пен мектеп инспекторы,полиция капитаны Қ.Е.Таурбаева және №70,№53,№51 мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында №51 мектептің дәріс залында дөңгелек стөл болып өтті.
         Алғашқы сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Қ.Ысмайыл ашып берді. Ол өз сөзінде  іс-шараның мақсаты мектептерде білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тәжірибе алмасу екендігін атап өтті. Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау мақсатында «Жемқорлықсыз қоғамға қадам»«Заң талабы заман талабы» атты тақырыптрда тәрбие сағаттары,«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды. Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» қойылғандығын атап өтті. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондарының берілгендігін, мектепте өтіп жатқан бірқатар жұмыстарды атай келе  бүгінгі келген қонақтармен таныстырып өтті.
         IIБ-ң ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция майоры Б.И.Бексұлтан өз сөзінде: кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетіс­тік­­терді жоққа шығаратын, заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сон­дықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылық­тары­ның бірі осы зұлымдықпен күресу.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.«Қазақстан Республи­касының мемле­кеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары нормаларын оқу бойынша түсіндірме жұмыстары жүр­гізіп, пікір алысты.
         IIБ-ң ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция С.А.Аят сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Қауіптің алдын–алу, болдырмау жөнінде  жастардың санасына адамгершіліктен айыратын табыс табудың оңай түрінің соңы неге апаратындығын жете түсіндіруміз керек. Сондықтан қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда  әр тұлғаның санасына құқықтық мәдиенетті қалыптастыру аса маңызды болып табылады.  Сол себепті де білім орындарында  құқықтық мәдениетті одан әрі арттыру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі дөңгелек үстелдің осы шара аясында өткізіліп отыр деп сөзін қортындылады.
         Мектеп инспекторы полиция капитаны Қ.Е.Таурбаева  өз сөзінде зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкінекендігін атап өтті.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қал бермек» деп өз сөзін қортындылады
         Сөз соңында мектеп оқушылары  толғандырып жүрген сұрақтарын қою арқылы пікір алысты.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено