КƟРКЕМƟНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫНЫҢ КƟРКЕМ СƏТТЕРI!

28.03.2018

КƟРКЕМƟНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫНЫҢ КƟРКЕМ СƏТТЕРI!
Астана қаласының мұғалiмдерi арасындағы "Астанаға 20 жыл" тақырыбындағы кɵркемɵнерпаздар байқауына Сырбай Мəуленов атындағы 37 орта мектебiнiң бiлiктi əрi шығармашыл, ɵнерлi əрi талантты ұжымы қатысып, мерейiмiз тағы бiр кɵтерiлдi. Басшымыз Сегiзбай Алмагүл Тiлектесқызының идеясынан туындаған жəне ɵзi де елдi тамсандыра билеген "Астана құрылысшылары" биi мен мектебiмiздiң ұлт аспаптар ансамблi гала концертке жолдама алып, марапатталды. Тоқсан мұғалiмнен құралған хор ұжымы мен бұлбұлдай əсем даусымен таңдай қақтыра əн салған əншiмiз Жансая Болатқызы арнайы дипломдармен марапатталды. Қызығы мен қиындығы мол маман иесi бола жүрiп, осындай байқауларға қатысу да үлкен еңбекпен жəне ауызбiршiлiктiң, жауапкершiлiктiң жоғары құндылығымен келетiн дүние екенiн iштей ұғындық. Жанымдай жақсы кɵретiн ұжымымды мақтан ете отырып, шынайы ниетiммен құттықтаймын. Мектебiмiздiң, Астанамыздың мерейi үстем бола бергей!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено