Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы Астана қаласы №59 мектеп-лицейде өтті.
16.05.2018


Аталған жиналысқа 9-11-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Жиналыс белгіленген күн тәртібі бойынша өткізілді.
Қазақстан бойынша «Адами даму индексі» рейтингіндегі 188 мемлекеттің ішінен 56-орыннан жоғары көтеруге ат салысуға Астана қаласы №59 МЛ білім беру жүйесіндегі жетістіктерге бастайтын іс-шаралар жайында, мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларға қатысу, шетелдік ЖОО білім алу туралы ақпарат берілді. Оқу-тәрбие үрдісін цифрландыру барысында оқушылардың сапалы білім алуына мектептің толық жағдай туғызу туралы айтылды.
Ата-аналарды ҚР БҒМ білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыру, қағида, ерекшеліктері, 2017-2018 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында ҚР БҒМ белгілеген мерзімде аяқтау жайында кеңінен тоқталды.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын (бәсекеге қабілеттілік; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) насихаттау мақсатындағы ата-аналарды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру үшін ата-аналармен біріге отырып атқару ұсыныстары жеткізілді. Сонымен қатар, 9 және 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары, шетелдік және отандық жоғары білім беру ұйымдарымен келісім-шарттар, меморандумдар, өзге де әлеуметтік жобалар жасалып, жүзеге асыру қолға алынып отырғаны жайында айтылды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено