Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.
15.05.201815 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста халқымыздың рухани байлықтарының бірі болып табылатын отбасы құндылықтары туралы айтылды. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай, «егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».
Жиналыста мектеп ата-аналарынан құрылған Қамқоршылық кеңес жұмысының есептемесі тыңдалды. Мектептің оқу-тәрбие жұмысына аса зор мән беріп, бала тәрбиелеуде жыл бойы мектеппен тығыз қарым-қатынасты қамтамсыз ете білген ата-аналарға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды.
Жиналысқа жалпы мектеп бойынша ата-аналардың 75 пайызы қатысты. Ата-аналар оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру сынақтары, 9 және 11 сынып бітіруші түлектердің мемлекеттік емтихандары, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру мерзімдері мен ережелері туралы ақпараттандырылды. Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы мәліметтер беріліп, мектеп жанындағы лагерь жұмысының бағдарламасы таныстырылды. Жиналыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді.




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
