Цифрлық сауаттылық

06.06.2018

л тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпошта» компаниясына жүктелді. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, маусым айында басталатын жобаға шалғайдағы барлық елді мекендер қатысады. Яғни өңірлерде кем дегенде 500 мың адам электронды жүйелерді меңгереді. Қазір жұрттың цифрлық сауаттылық деңгейі 77 процентке тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 78,5 процентке жеткізу жоспарда бар. Айта кетейік, оған мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар атсалысады. Олар кәсіби мамандар мен қарапайым халық үшін оқыту курстарын әзірлейді. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: – Оқытамыз деп отырған кәсіби мамандардың саны – 385 мың адам. 8 млн адамды электронды қызмет алуға және онлайн сауда жүйесін игерту бойынша базалық білім берумен қамтамасыз ету жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мен «Қазпошта» АҚ базасында жүзеге асырылады. Екінші бағыт – жергілікті атқарушы органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары «Қазпоштамен» бірігіп, еліміздің шалғайда орналасқан барлық елді мекендерде цифрлық сауаттылық арттыруға байланысты шараларды атқарады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/234267-khaly-ty-tsifrly-sauattyly-yn-arttyru-zh-mysy-kh-ko-men-azposhta-a-zh-kteldi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено