«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында өткізілген іс-шара
18.09.2018Мектебімізде отбасы мерекесіне орай, бекітілген жоспарға сәйкес, «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясында 1-11 сыныптар арасында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 1 сыныптың арасында «Елімнің болашағы – салауатты отбасы» атты отбасылық спорттық сайыс, 2 сынып арасында «Менің бақытты отбасым» атты сурет сайыс және 3-4 сыныптар арасында «Менің талантты отбасым» тақырыбында отбасылық шығармашылық сайыс өткізілді. Сонымен қатар, 5 сынып арасында «Әкем ,анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс, 6-7 сыныптар арасында «Отбасым - тірегім» «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өткізілді. Апталық барысында 8-9 сыныптар арасында «Татулығы жарасқан – жанұялар ордасы» тақырыбында фотокөрме, өткізілген шаралар барсында отбасылық қарым қатынасты анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, отбасылық тәрбие жөнінде бейнероликтер көрсетілді, 2018 жылдың 14 қыркүйегінде арнайы салтанатты жиын өткізіліп, апталық қорытындыланды. 




Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено