Астана қаласында, оқушылар сарайында өткен Республикалық ән-би байқауы
20.11.2018
Астана қаласы, жаңа Оқушылар Сарайында
«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және ақынның өлеңдерін оқудан ХІ Республикалық ән-би байқауы болып өтті.
Байқауға Республиканың түкпір-түкпірінен өнерпаздар жиналды.
Республикалық байқауға № 38 мектеп-лицейі, «Вокал» үйірмесінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Байқауда оқушылар 2 әннен шырқады. Бірінші айналымда. Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әнді орындап, екінші айналымда еркін тақырыпта өнер көрсетті.
5 е сынып оқушысы Ерхат Айбибі- «БАС ЖҮЛДЕ»
1 а сынып оқушысы Жоламан Сырым- 1 ОРЫН
5 а сынып оқушысы Төлепберген Маржан- 2 ОРЫН
3 а сынып оқушысы Рымбек Нұрасыл – 2 ОРЫН
Жүлде алған оқушылардың жетекшісі, музыка пәні мұғалімі: Қазмағанбетова Ардақ Маратқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено