«Өзін-өзі басқару»

20.11.2018

   Ағымдағы жылдың 20-шы қараша айында Астана қаласы №49 орта мектебінде, мектеп басшысы Джумартова Данара Мейранбекқызы мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен кездесуөткізді.  Білім ұясын ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттердің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні». Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:

— қарым-қатынасты ізгіліктендіру;

— ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау. Өзін-өзі басқару ұйымының қызметі туралы оқушылардың пікірлерін тыңдап, жалпы мектептің оқу-тәрбие процесін басқаруда өзін-өзі басқару ұйымының алатын орны туралы, міндеті мен жұмыстары туралы ұсыныстар, жаңа тың ойлар, пікірлер білдіріп ашық әңгіме алаңын құрды. Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары алдағы уақыттағы жоспарлармен бөлісті.

                       


                                         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено