Ата-аналар жиналысы

04.01.2019

Мектебімізде 04.01.2019 ж. сағат №18.00 де мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сынып аралығында әр сыныптың белсенді ата-аналары  қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылының 1-жартыжылдығындағы оқу-тәрбие жұмысының  ұйымдастырылуы туралы мектеп директоры  Садықова Зауре Жақанқызы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Мұқатова Жанар Маратқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы сөз сөйледі.

Екінші мәселе бойынша бюджеттің орындалуы туралы есеп және жаңа жылға бюджеттің бөлінуі туралы мектеп бухгалтері Смагулова Марал Қайырқызы сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Келесі  мәселе бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы  әлеуметтік педагог Смағұлова Назгүл Бекзанқызы есеп берді.

Соңғы қорытынды мәселе бойынша мектептегі қамқоршылық кеңесі жұмысының  есебі туралы  қамқоршылық кеңес төрайымы Досмырзаева Айзада сөз сөйледі. Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарына толық жауап алды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл  демекші еліміздің өркендеуіне, өсуіне бірге талпынайық, өз үлесімізді қосайық» - деп мектеп директоры Зауре Жақанқызы   өз сөзін қорытындылады.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено