Республикалық ғылыми жобалар сайысы

19.02.2019

2018-2019 оқу жылында мектебімізден республикалық ғылыми жобалар конкурсында 7 ғылыми жобамен 11 оқушымыз Алматы қаласында бақ сынап қайтты.  Конкурстың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 625 жоба ұсынған 811 дарынды оқушылар іріктеліп қатысты.  Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен 60 жеңімпаз (49 жоба), ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальдармен 103 жүлдегер (79 жоба), ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен 176 жүлдегер (130 жоба) марапатталды. 

Соның ішінде мектебімізден 2 жоба: Конушпаева Аягоз (10-сынып), Садыков Темірлан (10-сынып) техника секциясы бойынша Қола медальмен /жетекшісі:Кайсенова Валя Имакнмаликовна/ және Айтхожин Абылайхан (10-сынып), Құрманбай Дәулен (10-сынып) информатика секциясы бойынша /жетекшісі: Нұржанова Бүлдіршін Нұрбекқызы/ Қола медальмен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз.

  

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено