Өмірге мәңгі құштармын
15.05.201915.05.19 Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында "Өмірге мәңгі құштармын" атты жазушы, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі Есенгелді Сүйіновпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларымызды, жас жеткіншіктерімізді ақын, жазушының шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық руx беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесуде ақынның еліне, жеріне, жарына арнаған, өмір жайлы сырлы, сағынышқа толы өлеңдерін мектеп оқушылары жатқа оқыды. Жазушының проза саласындағы "Анадан безген ұл" әңгімесі 9-11 сынып оқушылары қатысуымен қойылым ретінде көрсетілді. Өз кезегінде ақын Есенгелді Сүйінов бірнеше жырларын оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кеште қазақтың ақын қызы Анарбекова Қалқа, "Әдебиет порталы" қызметкері, ақын Арман Шеризат Есенгелді Сүйіновтің шығармашылығы мен өмірдегі болмысы жайлы әңгімелеп берді. Кездесу соңында мектеп директоры Айтова Ж.Т. ұлт әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ақынға мектеп ұжымы атынан ықыласын білдіріп, сый-сияпатын көрсетті.



Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено