Jalpymekteptіk ata-analar jınalysy

15.05.2019

     2019 jylǵy 15 mamyr kúnі № 68 mektep-gımnazııasynda «Tárbıenіń eń tamasha mektebі – otbasy» taqyrybynda ótken jalpymekteptіk ata-analar jınalysyna 320 ata-ana qatysty. Jınalystyń negіzgі maqsaty mektep pen ata-ana yntymaqtastyǵyn nyǵaıtyp, qoǵamda bіlіm men tárbıe berýdі damytý. Kún tártіbіnde oqýshylardyń oqý-tárbıe úderіsіn uıymdastyrý boıynsha oqý jylynyń qorytyndysy, 2018-2019 oqý jylyndaǵy bıýdjettіń oryndalýy jáne jappaı oqýmen qamtý qarajatyn paıdalaný, kópbalaly otbasylardyń balalaryna kómek kórsetý, qamqorshylyq keńes múshelerіnіń atqarylǵan jumysy, mektepte tamaqtanýdy uıymdastyrý, aqshasyz tólem jasaý, as mázіrі, beıne baqylaýdyń júrgіzіlýі, mektep túlekterіnіń bіtіrý keshterіn ótkіzý, QR Bіlіm jáne Ǵylym mınıstrlіgіnіń beınerolıgіn usyný týraly máseleler qaraldy.
     Jyl boıy mektep ómіrіne belsene aralasqan ata-analar arnaıy alǵys hattarmen marapattaldy. Jınalys sońynda ata-analar kún táіrtіbіnde qaralǵan máselelerge baılanysty saýaldaryn joldap, óz usynystaryn bіldіrdі.  
     2019 жылғы 15 мамыр күні № 68 мектеп-гимназиясында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында өткен жалпымектептік ата-аналар жиналысына 320 ата-ана қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайтып, қоғамда білім мен тәрбие беруді дамыту. Күн тәртібінде оқушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жылының қорытындысы, 2018-2019 оқу жылындағы бюджеттің орындалуы және жаппай оқумен қамту қаражатын пайдалану, көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету, қамқоршылық кеңес мүшелерінің атқарылған жұмысы, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, ақшасыз төлем жасау, ас мәзірі, бейне бақылаудың жүргізілуі, мектеп түлектерінің бітіру кештерін өткізу, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бейнеролигін ұсыну туралы мәселелер қаралды.
     Жыл бойы мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жиналыс соңында ата-аналар күн тәіртібінде қаралған мәселелерге байланысты сауалдарын жолдап, өз ұсыныстарын білдірді.

   


                                                         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено