Оқытушылардың туристік слеті
29.05.20192019 ж. 26-29 мамыр аралығында Аққөл қ. «Арман» спорттық-сауықтыру лагердің аймағында «Туған жер-2019» слет-семинар өткізілді. Сайыстық бағдарламаға НҰр-СҰлтан қаласындағы колледждер мен мектептерден 19 команда қатысты. Сайыстық бағдарлама келесі кезеңдерден құрылды:
- Кросс-жорық (тур жаттығуларды орындаумен 8 шақырым ұзақтығы: маятник, өткел, бағдарлау, түйіндер байлау);
- Бивак сайысы;
- Туристік тағам;
- Шығармашылық сайысы;
- Плакаттар сайысы;
- Арқан тартыс сайысы;
- Күлкілі сайыс;
- Туристік эстафета («бревно» өткелі, «траверс» өткелі, «жумар» өткелі).
Колледж атынан команда құрамына «Туризм» мамандығының арнайы пәндер оқытушылыры Узбайрова А.Т., Жумабаева Г.Т. және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Мырзатаев Е.Ж., Саурыков М.С., Хох Н. қатысты.
Біздің команда туристік бивак сайысынан – 2 орын, арқан тартысы сайысынан – 3 орын, туристік эстафета сайысынан – 3 орынға ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша жалпы команда ішінде 3 орынға ие болдық.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено