Халықаралық семинар

17.04.2019

17 сәуір «№ 22 «ӘЛЕМ» балабақшасы» МКҚК-де Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жоспары бойынша «Инклюзивті білім беру: тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Оны өткізу мақсаты «Инклюзивті білім беру» кластерінде ынтымақтастық арқылы арнайы ұйымдардың педагогтарының кәсіби құзыретін арттыру болып табылады. Қатысушылар түзету ұйымдарының мамандары және Нидерландыда келген қонақтар. Хенк Френкен, ICLON жоғарғы мектебінің, Лейден Университетінің эдвайзері Нидерландыдағы инклюзивті білім беру ұйымдарының тәжірибесін ұсынды. Семинарға «Инклюзивті білім беру» кластерінің әріптес балабақшаларының арнайы білім беру жүйесіндегі тәжірибелі мамандары да, жас мамандары да қатысты. «Problem tree» әзірлемесі бойынша толеранттылықты қалыптастыру және командалық жұмыс бойынша психологиялық тренинингті өткізу кезінде кластерлердің ынтымақтаста жұмыс істейтіні ерекше көзге түсті. Педагогтардың хабарламаларында өзінің ұйымындағы жұмыс тәжірибесінің маңызды ақпараты қамтылған интерактивті түрде стандарттан тыс өзгеше көрме таныстырылым өтті. Балалар ойын іс-әрекетінде шебер-сыныптарда кластер педагогтары дайындаған стандартты емес жабдықтардың қолданылуы көрсетілді. Халықаралық семинар шығармашылық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу аясында өтті, тыңдаушылар ұйымдастырушыларға және «Инклюзивті білім беру» кластерінің педагогтарына алғыстарын білдірді, Білім беруді жаңғырту орталығының жұмысына табыс тіледі.
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено