«Отбасы – ұлттың тірегі» атты іс-шара
15.09.2020Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№78 мектеп-гимназия» КММ-нің 1-11-сынып оқушыларымен 08-11қыркүйек аралығында отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында іс-шаралар болып өтті.
1-4-сыныптар арасында «Кезекші сыныптарда» офлайн, қашықтан оқитын сыныптарда онлайн түрінде «Бала бақыты – жанұя» атты сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты:
1) «Отбасы» құндылығы мен отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
2) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
3 «Г»сыныбында «Менің отбасым – менің бақытым» атты тәрбие сағаты болып өтті. Сынып жетекшісі – Мукыжанова Айнур Уановна
Сабақ барысында слайд көрсетіліп, оқушылар «Отан отбасынан басталады» мақалының мәнін ашты. Саятқызы Сымбат пен Ғалымова Айзере «Отбасым – алтын бесігім» атты бейнекөрініс көрсетіп, сабақ соңы өрендеріміздің ата, әже, әке, ана туралы өздері білетін тақпақтарына ұласты.
5-7-сыныптар «Мен және менің отбасым» тақырыбында суреттер салып, фотоколлаж жасады. Отбасы күніне орай өткен іс-шараға ұйытқы болған 5 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Толыбаева Карлыга Мукашевна, 5 «Г» сыныбы мен жетекшісі – Тастанова Динара Ахметалиевна, 6 «В» сыныбы мен жетекшісі – Мухаметова Шолпан Еркиновна, 6 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Керимбекова Салтанат Жаксыбековналардың жұмыстары ерекше болды.
8-11-сыныптар «Отбасы – жан шуағым» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу байқауына үлес қосты. 11 «А» сынып оқушылары Алижан Қуанышбекұлы мен Шынали Сабыржан отбасы жайлы өлеңдерімен бөлісті.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено