Отан - отбасынан басталады!
15.09.2020Отбасы – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары фольклор үлгілерін сіңіретін де отбасы.Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Осы орайда, 9-11 қыркүйек аралығында мектебімізде Отбасы күніне арналған мектепішілік онлайн іс-шаралар өткізілді. Аталған шараға барлық оқушылар белсенді қатысты. Бастауыш сынып оқушылары «Отбасым бақыт мекені» атты отбасылық суретттерден фотоколлаж дайындады. Осы тақырып аясында сынып сағаттар өткізілді. 5-7 сынып оқушылары «Менің әкем осындай» атты өз әкелері туралы шағын видеороликтер дайындады. 8-10 сынып оқушылары «Біздің үйдің дәстүрі» атты өз отбасының ерекше дәстүрлерімен таныстыру мақсатында видеоматериалдар дайындады. Ерекше дайындалған жұмыстар мектептің әлеуметтік желілердегі (Instagram, facebook) парақшасында жарияланды.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено