«Абай атадан өнеге» тақырыбында ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы
28.10.2020Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай 3 – 4-сынып оқушыларының арасында «Абай атадан өнеге» тақырыбында ұлы ақын өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы өтті. Бұл шараға Бауман Анастасия(3Ж-сынып), Кожахметова Медина (4Б-сынып), Лукашевич Кирилл (4В-сынып), Герасимов Тимофей, Батталова Саадат (4Д-сынып), Савченко Евангелина, Сафаров Тамерлан, Пяк Яромир (4Е-сынып) оқушылары қатысты. Аталмыш эстафетаның мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлы шығармашылығын насихаттау, оның рухани-адамгершілік мұрасы арқылы тәрбие беру. Эстафета қазақ тілі мұғалімі Тагиманова Карлыгаш Сеитовна бастамасымен өтті.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено