Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері.

17.11.2020



 Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тану тренингтері.

🎯Тренингтің мақсаты:
• өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
• ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
• ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
• қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
• өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
• коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
• өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
• көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу

👩‍🏫 Ұсынылып отырған жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено