«ЭкоАсар-2» экомарафоны аясында алғашқы «Эка-Клоун» эко-сағаты
17.11.202017 қараша күні №3 мектеп-гимназиясында «ЭкоАсар-2» экомарафоны аясында алғашқы «Эка-Клоун» эко-сағаты өтті. Оған 2 сынып оқушылары, олардың сынып жетекшілері мен ата-аналары қатысты. Жалпы оқушы саны 89 болды. Балалар қоршаған ортаны қорғау және сақтау, пластикті таңбалау, дұрыс қайта өңдеу тәсілін, пластик пакетті пайдалануды азайту мәселесі және экосөмкелерге көшудің маңызы жөнінде пайдалы ақпарат алды. Бастауыш сынып оқушылары Эка-Клоун және Туту көмекшімен бірлесіп пластик стақанынан эко-көмекші жасады. Барлық эко-көмекшілер әр алуан және ерекше болып шықты (фотосуреттерді қараңыз). Кездесу Zoom платформасында көңілді, еркін форматта өтті.

Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено