ЭКО сағат
18.11.2020




Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 90 гимназиясында 2020 жылдың қараша айының 18-і күні өткен аға тәлімгер Н.Бөрібайқызы ұйымдастыруымен «Эко Асар-2» атты жобасының аясында жоғарғы сынып оқушыларымен ЭКО сағат өткізілді.
ЭКО сағатта ПЭТ-бөтелкесі жөнінде бейне-роликтер көрсетілді,пластикалық бөтелкелерді дұрыс сұрыптау, пластикті таңбалау, пластикалық пакеттерді пайдалануды азайту бойынша оқушыларға түрлі лайфхактар көрсетілді. Яғни, "Полиэтилен" пакеттерінен бас тартып, Эко сөмкелеріне көшу жөнінде айтылды.
Кері байланыс ретінде оқушылардың пікірі тыңдалды және де пластикті барынша аз қолдану үшін кеңестер ұсынылды.
«ҚАЛДЫҚТЫ СҰРЫПТАП ТАСТАУ, СУ МЕН ЖАРЫҚТЫ ҮНЕМДЕУ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» ол біз бен сіздің міндетіміз!
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
