«Қашықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге мүмкіндік беретін оқытудың жаңа формалары мен әдістері»
18.11.2020Қазіргі таңда оқытудың мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқытудың формалары мен әдістері өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді, ескілері қолданудан қалады, жаңалары туады. Ал оқыту принциптері тұрақты қағидалар ретінде үнемі жүйелі түрде сақталып келеді, олар оқытудың барлық формаларында міндетті түрде басшылыққа алынады, солар арқылы оқыту формаларының нәтижесі бағаланады.
Онлайн семинар барысында ашық сабақтар, шебер сынып өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша ағылшын тілінен Ж.О.Тоқбергенова
10 «А» сыныбында онлайн «Google Meet» платформасы негізінде «Virtual Reality: Products og the future» тақырыбында өтізген сабағында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Оқушыны ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін дамытуда «Аквариум», «Аяқталмаған сөйлем»,« Синквейн» әдістерін тиімді қолданды. Сөзікпен жұмыс, сурет бойынша сөйлемдерді орналастыру, тыңдалымнан кейін сұрақтарға жауап беру, өз ойларын емін-еркін білдіру жақсы жолға қойылғандығын көрсетті. «Дриллинг» әдісі арқылы оқушылар сөздерді қайталап , тілдерін жаттықтыру арқылы сәйкестендіру әдісі жүргізілді.
Орыс тілі пәні мұғалімі Ш.Ж.Уткельбаева 6 В сыныбына « Мифологема в повести Н. Гоголя «Ночь перед рождеством» тақырыбында өткізген сабағында оқушылардың сын тұғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және жаңа ақпаратты терең талдау дағдыларын қалыптастырды. Өзіндік таным белсенділігін арттырып, озық міндеттер арқылы шығармашылық ізденіске жетеледі. Ғылыми көзқарастарын қалыптастыра отырып,өзіндік, топтық, ұжымдық жұмысты ұтымды ұйымдастырды.
Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Г.М. «Бастауыш сыныпта белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану» т ақырыбында шебер- сынып көрсетті. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақта белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушыларды табысты оқытуға қол жеткізу үшін сабақта « Аялдамамен оқу» , «Ойлан-тап» , «Шығармашылық»,«Ойлан-жұптас бөліс», « Ыстық орындық» т.б.әдістер арқылы оқушының қызығушылығын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жетелейтіндігін көрсетті.
Онлайн сабақ берген мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технолдогияларды жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті. Онлайн сабақтарда проблемалық сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талданды. Проблемалық сұрақтар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, шығармашылық, зерттеушілік жұмысқа жетеледі.
Қашықтан өткізілген семинар жұмысы жоспарға сәйкес, талапқа сай, жоғары деңгейде өтті.


Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено
