Елбасы медалі

15.12.2020

2020 жылғы 14 желтоқсанда Тұңғыш Президенттің қатысуымен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларын «Ел мақтанышы» сыйлығын табыстауға және Елбасы қола медальдарын марапаттауға арналған Форум өтті.

«Елбасы медалі» - Елбасы қамқорлығымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей бағдарлама. Атаулы жобаның мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, оларды мақсат қоюға және сол мақсаттарына жетуге баулу.

Форум аясында «Елбасы медалі» жобасының барлық шарттарын сәтті орындаған мектебіміздің 10 «Д» сынып оқушысы Молотовская Дарья мен 11 «Б» сынып оқушысы Алкеева Розалинаға қола медалі табысталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено