Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

15.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
 
   Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге биыл 29 жыл толу мерекесі құтты болсын!
Аман-саулық – адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты.
Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыз.
Тәуелсіздіктің қадірін, бостандықтың қасиетін, Отан деген ұлы ұғымды біздің мектептің оқушылары да жақсы түсінетініне төмендегі суреттер мен бейнебаяндар дәлел.

           



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено