Ғабдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы "Абай" медалімен марапаттады

15.12.2020

    Бүгін бізде тағы да бір үлкен қуаныш!
    Мектебіміздің мақтанышы, белгілі абайтанушы, ақын Ғабдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызын ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев пен "Абай атындағы халықаралық қордың" директоры, ақын Аслан Ғафуров "Абай" медалімен марапаттады. Оқу ордасына арнайы келіп құттықтаған азаматтарға алғыс айтамыз.
    Құрметті Алмахан апай!
    Биыл елімізде ұлы Абайдың 175 жылдығы кең көлемде атап өтілгені белгілі. Біздің мектебіміз ақынның есімін иеленген соң, әр түрлі іс-шаралардан шет қала алмадық. Бұл орайда Абайдың тұлғасы мен мұрасын жас ұрпаққа жеткізуде зор еңбек сіңірдіңіз. Мектеп табалдырығын енді аттаған балапандарға арнап "Бала Абай" бағдарламасын жүргізіп келесіз. Музей ісін жандандырған еңбегіңіз бір төбе. Сіздің кәсіби мол тәжірибеңіз мектеп ұжымына ауадай қажет.
    Бұл игі істердің барлығы да ұрпақ игілігі үшін, мектеп беделі үшін екенін білеміз. Сізге көрсетілген құрмет, берілген марапат мектебіміздің мәртебесін арттырып, абыройын асқақтатады.
    Біздің мектебімізді таңдағаныңыз үшін және әрдайым көрсететін қолдауыңыз үшін алғыс білдіреміз. Ұлы Абайдың ұлағатын орындаудан талмайтын, шаршамайтын қажырлы қайрат пен қайырлы бақыт тілейміз. Өміріңіз шуақты бола берсін.


Абай ұжымы



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено