Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16.12.2020Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде
жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Отанды сүю – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық.
Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.
Обсуждения сообщества
Обсуждений не найдено